2016 жылғы 7 сәуір, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 7 сәуірдегі №185 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелері ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы №182 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №6, 59-құжат).
2. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің арнайы атақтар берілген қызметкерлерінің нысанды киім үлгілері мен тиесілік нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы №1380 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., №46, 470-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы №182 және 2002 жылғы 8 тамыздағы №884 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 тамыздағы №820 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №34, 335-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы №1380 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №44 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №2, 19-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі №722 қаулысы.
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі №722 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы №1756 қаулысы.